Депутат Ринат Зайытов қара жамылды

Қосшы

ҚР Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы өмірден өтті.

Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ринат Зайытов бауырымыздың анасы қайтыс болды. Анасынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айтып кетейін”, — деп жазды депутат.