Президент Жолдауындағы міндеттер: 42 су қоймасы салынады

Қосшы

Былтыр Президент тапсырмасы бойынша тасқыннан зардап шеккен солтүстік және батыс аймақтардағы 57 гидротехникалық нысан қайта жаңғыртудан өтті.

Бұған “Демеу Қазақстан қорынан” 29,4 млрд теңге бөлінді. Қазір тағы 15 су қоймасында жөндеу жүріп жатыр. Су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары шеңберінде 42 су қоймасын салып, қолданыстағы 37 нысанды жаңарту көзделген. 17 су қоймасының құрылысын қаржыландыруға Ислам даму банкімен 1,1 млрд долларға келісім жасалды. Соның арқасына су жинау көлемі былтырғы 1 млн текше метрден 2028 жылға қарай 2 млрд 650 млн текше метрге ұлғаяды.