Елді мекендерде су басу қаупін азайту мақсатында кешенді инженерлік шаралар қолға алынды.
Шымкент қаласында Абай ауданының Игілік, Жаңаталап, 20 жылдық Тәуелсіздік және Көкбұлақ тұрғын алқаптарындағы Бадам өзенінің бойында жағалау нығайту жұмыстары басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы ұзындығы 6,8 км құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде үнемі мониторинг және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысында Сандықтау ауданының Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын тереңдету және кеңейту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны кезінде өзен арнасы бойымен өтетін су көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Жамбыл облысында Қордай ауданы аумағында инженерлік құрылыстардың, оның ішінде бөгендер, бөгеттер және су өткізгіш арналардың жай-күйіне баға берілді. Ырғайты өзенінің арнасында жағалауды тазалау және нығайту жұмыстары жүргізілді, бұл көктемгі су тасқыны суын тиімді ағызуды қамтамасыз етеді.
Қостанай облысында қорғаныш құрылыстарын нығайту және салу жұмыстары жалғасуда. Қостанай ауданының Алтынсарин ауылы маңында Тобыл өзенінің арнасын тазалау және жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыс аумағындағы автомобиль жолдарында су өткізгіш құбырларды жөндеу және тазалау жұмыстары орындалды.
Шығыс Қазақстан облысында Үлбі, Бұқтырма, Березка, Нарын, Қараөзек, Уланка, Глубочанка, Кіші Үлбі, Қалжыр өзендерінің арналарын түзету, тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізілуде. Алтай, Ұлан, Глубоков және Үлкен Нарын аудандарында арықтар мен су өткізгіш арналарды жасау жұмыстары ұйымдастырылған.
Сонымен қатар жағалау нығайту құрылымдарын орнатуға, құрылыстардың жиегін нығайту, үйінді жасау және тегістеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр.