0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Алты ай жатқан қардың көбесі сөгіліп, көктем қылаң бергенде қазақ даласында «Көрісу — Амал» мерекесі басталады!
Бұл Ақсу мен Павлодар қаласының шекарасы. Ертең Екібастұз, одан кейін Абай облысы. 14-і күні Ақсу қаласының орталығында мереке жаппай тойланады. Амал күніне алғашқылардың бірі болып ерте қамдаған Ертіс Баян өңірінің жұрты, мақсатымыз қала мен дала мәдениетін ұштастыра, өңірдің барлық елдімекендерін қамтып, ертеден келе жатқан дәстүрді насихаттау дейді.
Рымкеш Сләмбекова Ақсу қалалық аналар кеңесінің төрайымы:
Көрісуді көбіне батыстан көретінбіз. Бізде кейінгі кезде қабылдадық, бұл дәстүрмен келе жатқан дүние ғой. Сондықтан Солтүстікте тұрсақта осы мерекені өткізейік деген үлкен бір ой келіп, қала әкімшілігі қолдап, екі қала арасындағы қарым-қатынасты күшейтеді деген сеніміміз мол.
Береке мен бірліктің бастауы болған амал мерекесінде халқымыз үлкендерге алғыс айтып, өкпе реніштері болса кешірген. Мереке қарсаңында өңір тұрғындары қазақы дәстүрді жаңғыртып, жастарға дәріптеу үшін бірқатар меркелік шараларды ұйымдастырмақ.
Серік Рысбекұлы павлодарлық өнерпаз:
Расы керек енді Солтүстік жақта ұмытылып бара жатқан дәстүрді қайта жаңғытып, Ақсу қаласы тарапынан бізге ұсыныс түскеннен кейін, Павлодар қаласы әрине жылы қабылдап, өзіміз үлкен бір керуен болып, көш болып осы бір мерекені жандандырып жатқан жайымыз бар.