Асқар Әмрин Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Асқар Әмрин 13 тамыздан басқа лауазымға ауысуына байланысты Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті", — деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, Асқар Әмрин 2022 жылғы ақпаннан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Ол сәулет, қала құрылысы, энергетика, сумен жабдықтау, сондай-ақ, экономика салаларын қадағалады.
Еске салайық, бұған дейін Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!