Қонаевта Абай күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге дайындық қызу, деп хабарлайды 24kz.
Қалалық кітапханада хәкім Абайдың шығармалары қойылған көрме ұйымдастырылып, арнайы бұрыш жасалды. Кітапхана былтыр күрделі жөндеуден өтті. Содан бері оқырман саны екі есе өскен. Былтырғы жылдың алғашқы тоқсанында 3 мың оқырман келсе, биыл 6 мыңға жеткен. Қорда 70 мыңнан астам кітап бар. 73 жыл бұрын жарық көрген құнды жәдігерлер де кездеседі. Қазір қала тұрғындарына әсіресе, Абай шығармалары кеңінен насихатталып жатыр. Үлкендер жағы тіпті Абайды жатқа оқыса, жастардың да қызығушылығы жоғары.
Блиц 1:
- Ол қазақ ақыны, лиригі, аудармашысы және балаларға көбінесе ертегі жазған. Оның бірнеше поэмасы бар. Көбінесе сол поэмалар балалар мен ересектерге арналған.
Блиц 2:
- Енді өзім қазір төрт баланың анасымын. Сол балаларыма да Абайды таныстырып, көптеген өлеңдерін жаттатқызамын. Енді өзіме жақын бір өлең жолдары сол: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан» деген. Осының өзін өмірлік ұстанымым ретінде қолданамын.
Блиц 3:
- Абайды білмеген қазақ – қазақ емес деп ойлаймын. Абайды танымаған қазақтың, жүрегінде ұлтына деген, қазақ халқына деген махаббаты болмайды деп ойлаймын. Біздің Абайға деген махаббатымыз биік. Енді мен «Абай жолын» қазақша да, орысша да оқыған адаммын.