«Шоколадпен қапталған құлпынай сатамын»: Шымкенттіктерді алдаған екі алаяқ сотталды

Қосшы

Шымкентте TikTok арқылы "шоколадпен қапталған құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама беріп, тұрғындарды алдаған екі ер адам сотталды, деп. хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушылар осы жылдың 8 наурызында "ТикТокта" "шоколадпен қапталған құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама орналастырған. Осылайша 13 жәбірленушіні алдап, олардың қаражатын иемденіп алған. Тапқан пайданы өздеріне жаратқан.

Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер кешірім берді.

Сотталушылар ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.