Елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Қосшы

Олар Қаржылық мониторинг агенттігің атынан хабарласып, өздерін “заңгер” немесе “тексеруші маман” ретінде таныстырады. Әрі қарай “тұлғаның әлдебір ұйымға қатыстылығына” байланысты хабарлама жібереді . Қаскөйлер көбіне қарияларға хабарласып, оларды үркітіп-қорқытуға тырысады. Сондықтан агенттік кибераляқтардан сақ болуға шақырады. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай хабарламаны жібермейді, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейді.