Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам көз жұмды

Қосшы

Алматыда тұрғын үйдегі өрт кезінде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлады. Түн ортасында қызыл жалын бірнеше меншік иесіне тиесілі барак типтес тұрғын үйден шыққан. Бірнеше баспана мен жуынатын орын, шаруашылық құрылысына тараған. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған. Жедел штаб құрылып, бірнеше бағыт бойынша өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Отқа оранған үйден бір тұрғынның мәйіті табылды. 15 техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылып, отты толық ауыздықтады. Қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Алматы қалалық ТЖД оқиға орнына асығып бара жатқан өрт сөндіру көлігінің бірі аударылып қалғанын да хабарлады. Техника дереу қалпына келтіріліп, өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырған.

Жазира Оразқызы