Шымкентте «Ордабасы» командасының ойыншылары заңсыз бонус алып келген

Қосшы

Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншыларына 2,3 миллиард теңге мөлшерінде заңсыз бонус берілген. Бұл туралы прокуратураның үйлестіру кеңесінде айтылды. Құқық қорғау органының мәліметінше командаға легионер ретінде шақыртылған бірқатар шетелдік спортшыларға ресми түрде ай сайын 2 миллион теңге көлемінде жалақы төленген. Бірақ келісімшартқа қосымша енгізу арқылы оларға үстеме ретінде ай сайын тағы 18 миллион теңгеге дейін қосымша бонустар беріліп келген. Осындай жеңілдікке кемі 20 футболшы ие болған. Оның 12-і шетелдік спортшылар. Бұл оқиғаға байланысты іс әлі тергеліп жатыр. Жуық арада сотқа жолданбақ.

Шынар Қаршығақызы, қалалық прокуратураның аппарат басшысы:

Сол үшін прокуратураның өзі тексеріс жүргізуде. Сол тексеру бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ғани Қалмахан