Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төмендеді

Қосшы

Рыбакина рейтингте төмендеді, деп хабарлайды 24kz.

Әйелдер теннисі қауымдастығы WTA соңғы нәтижелерді саралап, әлемдік тізімді жаңартты. Оған сәйкес қазақстандық Елена Рыбакина 8-орыннан 10-орынға сырғыды. Бірінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Екінші орын польшалық Ига Швёнтекке, үшінші орын америкалық Кори Гауффқа бұйырды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 санатындағы турнирде нашар өнер көрсетіп, алғашқы кездесуінде жергілікті Эшлин Крюгерден жеңіліп қалған болатын. Әлемдік рейтингте төмендеуіне де осы жағдай әсер етті. Жалпы былтырдан бастап Елена денсаулығы дұрыс болмай, біраз кедергіге тап болған. «Салдарынан көрсеткіштерім де төмендеп кетті», - деді теннисші Tennis Insider Clud YouTube арнасына берген сұхбатында.

Елена Рыбакина, теннисші:

- Былтыр денсаулығыма байланысты біраз проблема туындады. Жарыстар кестесі өте тығыз. Үнемі жолда жүреміз. Бапты жоғалтпау маңызды. Біздің спорт осынысымен күрделі. Аталмыш жайттар физикалық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да оңай емес. Әр қателіктен сабақ алып, жаңа адамдармен танысып, енді соның арқасында біраз биікті бағындырамыз деген үміттемін.