Өзбекстанда мешітте жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Қосшы

Өзбекстанның Әндіжан облысындағы мешітте газ жарылып, оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзбекстандық ТЖМ мәліметінше, оқиға 31 наурызда Ізбасқан ауданында болған.

Жарылыс салдарынан дәрет алуға арналған бөлменің қабырғалары мен төбесі опырылған, алайда өрт шықпаған.

Оқиға орнына екі құтқару жасағы және екі өрттен құтқару есебі жеткен. Дәрігерлер зардап шеккендерді ауруханаға жатқызды.

"Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған ведомство хабарламасында.

Әндіжан облыстық әкімшілігі Telegram арнасында мешіттегі жарылыстың салдары туралы видео жариялады. Кадрларда құтқарушылар үйінділерді жинап жатқаны көрінеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget