"Томирис" фильмінде басты рөлді сомдап танылған актриса Салтанат Серкебаева "Айтарым бар" жобасына берген сұхбатында өмірі мен шығармашылығы туралы айтты, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса әкесінен ерте айрылғанын, руын жақында ғана білгенін жасырмады.
“Әкем ерте қайтыс болған, тоғыз жасымда. Әрдайым біз сары үйсінбіз деп ойлайтынбыз. Әкем солай айтатын. Қазір әкем жақтың туыстарымен енді-енді араласып келе жатырмын. Руым басқаша болып шықты. Дулат болып шықтық. Әркім әртүрлі ақпарат айтып жатады. Өмір бойы сары үйсінмін деп ойлап келгеннен солай айтатынмын барлық жерде. Қазір енді сары үйсін мен дулаттың ортасында жүрмін. Тұрмысқа шығып босанғаннан кейін бір-ақ білдім”- дейді Салтанат Серкебаева.