Танымал актриса Жазира Еркін болашақ күйеуінен мәһірге не сұрайтынын айтамын деп жұрттың сынына қалғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Актриса өз сөзінде қыз баланың қалауын, арманын қоғам асқан сынмен қабылдайтынын жеткізді.
«Тілімнен тауып отырмын. Мәһірге не сұрайсың деді. Мен сол мәһірді ойлап жүрген адам емеспін, шыны керек. Сұрақты қойған кезде бірден аузыма келген жауапты айттым. Балидегі аралдан вилла сұраймын деп бәлеге қалдым. Сол мені қатты жаманатты еткен сияқты.
Шынымды айтсам, біріншіден, Балиде виллалар соншалықты қымбат тұрмайды. Екіншіден, ол отбасылық бизнеске айналатын нәрсе. Үшіншіден, неліктен сол өмірімнің шегі болуы керек, соны түсінбеймін. Сонда өз өмірімде істеп жүрген ешнәрсем жоқ па? Өзімнің де жетістіктерім бар ғой. Әркімнің сұрауға да, айтуға да, қалауға да бар таласы.
Сол себепті, осындай қарым-қатынасқа, жігіттерге қойылатын талаптарға қатысты сұрақтарға жауап беруден қынжыламын. Күлкіге айналдырып кетеді. Ол сондай бір интимді тақырып қой. Құдайға сыбырлап айтатын тілегіңді жұрт түсінеді-ау деп айтсаң, өзіңе қарата оқ атады ғой. Неге сонша қаталсыңдар? Не істедім мен? Мен жай ғана қалап тұрмын ғой. Қыз деген ерке емес пе?» — деді Жазира Еркін.