Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қосшы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сабаделе (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құламбаева — Казионова ширек финалда аргентиналықтар Орнелла Де Фацио — Маура Йовичпен кездесуі керек еді. Алайда аргентиналық дуэт матчқа келмей қалды да, қазақстандық-ресейлік жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды.

Құламбаева/Казионованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.