"Бас десе құлақ дейді": Блогер Мөлдір Анарбаева оңтүстіктен батыр қыз шықпады деп тиіскен Баян Алагөзова туралы

Қосшы

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева "оңтүстіктен батыр қыздар шықпады" деген Баян Алагөзоваға жауап берді.

Блогер сонымен бірге оңтүстіктің сәлем салу дәстүрі туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Елге жерге бөлінбейік! Бәріміз қазақпыз! Әр өңірдің анасы да, баласы да аман болсын!

Қазір өңірден шыққан батырлар мен ақындарды жазсақ мына жерге сыймайды. Сондай ақ өзге өңірлерде де ел үшін тер төккен тұрлғалар жетерлік. Өздерің де абайлап сөйлесеңдерші. Ертең жұрт жаппай талқылап жатса өкпелейсіңдер.

Біз оңтүстік өңір сәлем саламыз, одан кішірейіп я кеміп қалмаймыз. Қайта келін екеніміз есімізге түсіп сондай шаттанамыз. Мен, “Сәлем салмаймын! “ — деген екі пікірдегі адамдарды көрдім. Бірі орыс-шатыс, бірі асыра діншіл. “Адам құдайдың ғана алдында басын иеді, адамға имейміз” деген бір-екі қатыннан естідім. Екеуі де қауіпті…

Сәлем салу-келін екеніңнің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына құрметі. Сәлемге ие болған адам: — Бақытты бол, балам! — деп ықыласын білдіреді, бақыт пен берекет тілейді. Ағаттығы да қиындығы да зияны да жоқ. Бата арқалап жүрейік!

Бас десең құлақ дейді. Сәлем салғаннан кішіреймейсің. Сал!-демесе салмай ақ қойыңдар. Салып жүргендерге тиіспеңдер. Қазақ байқұстың салт-дәстүрі қалсын да, құрсыын, талқандай бермеңдерші. Әуелі табаққа да, алыстан келгенде қара шаңыраққа да сәлем береміз.

Қазір келін кім, қыз кім білмей қалатын болдық. Оның ішінде өзіміз де бармыз. Бірақ барған жер іздет көрсетіп қоямыз. Бара-бара бұл да динозавр заман болып барады. “Келінді қызымдай көремін”- дейтіндер көп. Келін ешқашан қыз болып кете алмайды.», — деп жазды ол.

Сонымен бірге блогер оңтүстіктен батыр қыздар шықпады деп тиіскен Баян Алагөзоваға жауап берді.

«Орал жақта ешкім сәлем салмайды екен, ол көрмесе, білмесе қалай сәлем салады? Оңтүстік өңірден мен деген батыр қыз шықпаған деп отыр ғой… Батыр туатын, ер аналардың ұрпағымыз, соны ескерсе? Алтын құрсақты ананың барлығы осы оңтүстікте жатыр ма дейсің?

Оңтүстік деп жатырсың ғой енді, Шымкент пен Қызылорданы былай қойғанда, бір Тараздың өзінен кешегі Елдос Сметовтың анасы, Бейбіт Ыстыбаевтың анасы, Ақжүрек Таңатаров, Ермахан Ибрагимов, Бақтияр Артаев бар, айта берсең жетеді…

Ар жағына бармай-ақ қояйын, Бауыржан Момышұлы мен Шерхан Мұртазаны өмірге әкелген осы оңтүстік өңір екенін ескерсе, батыр туатын ананың барлығы біз жақта жатыр енді Баяша…

Өздерің әңгімені соғасыңдар да, бізді «обсуждать» етеді дегендерің қызық екен? Тып-тыныш отырсаңдар, сендерді ешкім обсуждать етпейді ғой. Біреуді талқылайтын уақыт та жоқ, өзіміздің өміріміз өзімізге сериал болып жатыр, өзіміз жұлдыз болдық әуелі.

Өсек айтатын жоқ, әншілер, жұлдыздарың бірдеңені былықтырып шығарып алады өздері әңгімені көбейтіп. Баяғыдай гүж-гүж әңгіме айтатын заман өтті», — деп атап өтті ол.