Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ашық киініп сахнаға шығу себебін түсіндірді , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі мюзикл-шоуында өте қысқа көйлек киіп, шпагатқа отырған еді. Продюсердің бұл әрекеті қоғам тарапынан сынға ұшырады.
"Қараңғы әйел болса, мен оны қалай түсіндіремін?! Мен мюзиклге басыма орамал тағып, мөшек сияқты көйлекпен шыға алмаймын. Мен осы жанрдың әлемдік стандарттары мен талаптарына сай келуім керек. Ешқашан түсінбейтін, білімі жоқ адамға оны не үшін айтып түсіндіремін. Сол себепті осы форматтың талаптарына сай болуым үшін қажет киіммен шығамын", – деді Баян Алагөзова “My prime time” подкастында.
Одан кейін арт-директор дресс-кодқа қатысты да пікір білдірді.
"Дресс-код деген түсінік бар. Егер асқа баруым керек болса, ұзын белдемше киіп, басыма орамал тағамын. Ал бірнәрсенің таныстырылымы өтетін жиынға барарда дресс-кодта көрсетілген киіммен барамын. Бұл – мәдениет", – деді продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қызықты видеолар???? (@dubsmash_kaz)