Алматыда «Ұлы даланың ұлттық  дәстүрлері» ғылыми форумы өтті

Жаршы

Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасы, әлі де зерттеуді қажет етеді.

Ол үшін бірлескен кешенді пәнаралық зерттеулер жүргізу керек. Бұған қоса музей экспозициясы мен, қор материалдарын пайдалана отырып, мәдени туризмді дамытқан жөн. Наурызды насихаттаудың жаңа тәсілдеріне де, мән берген абзал. Бұл туралы Алматыда өткен «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық ғылыми форумда айтылды. Орта Азия елдерінен келген ғалымдар мен музей мамандары, түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын сақтау жөнінде ой білдірді. Ғылыми және мәдени әріптестікті дамытудың жолдарын бірге талқылады. Мерекеге орай орталық музейде «Шеберлер алаңы» көрмесі өтіп жатыр. Онда этнографиялық топтамалар қойылған. Меймандар қолөнершілер мен этнодизайнерлердің авторлық туындыларын қызыға тамашалады.

Нұрхат Иманқұлова, музей қызметкері /Қырғызстан/:

- Бұл конференция түркітілдес халықтардың мәдениетін паш етеді. Біз жылда қатысамыз. Бұл жолы мен қырғыздардың түкті кілемінің шығу тарихы туралы баяндама оқыдым. Оның түрлері, әрбір ою мен гүлінің мағынасы болатыны туралы айттым. Осындай жиындар бізді байланыстыра түседі. Мәдениетімізді өнірімізді жақсы танимыз. Наурыз өзі осындай ынтымақтастықтан тұрады. Ал наурызды тойлауда артық айырмашылықтар көп емес. Біз Наурызды сүмелек тағамын пісіруден бастаймыз.