Ұлттық құрылтай: Делегаттар ұсыныс-пікір білдірді

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Идеологиялық саясатты күшейту, жиын-тойлардағы ысырапшылдықты тыю, шетелдегі жастардың бірлестігін құру мен жұрттан жылу жинайтын қорлардың жұмысын реттеу. Ұлттық құрылтай мүшелері отырыс барысында осындай түйдек-түйдек мәселелер көтеріп, ой-пікірлерін ортаға салды. Өзге де бастамаларды әріптесіміз Данияр Қайыртай тыңдаған еді.

Бурабайда кешелі бері қарбалас. Бұл жерде мұндай жанұшырған тіршілік негізінен жазғы демалыс маусымында болатын. Құрылтай өтетін алаңға делегаттар ертемен жиылды. Отырыста алғаш болып сөз алған депутат Айдос Сарым идеологиялық саясатқа байланысты 7 мәселе көтерді. Әрі ішкі саясатта осы күнге дейін қалыптасқан кей қателіктерді сынады.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ал Қарағандыдан келген делегат Бекзат Алтынбеков жиын-тойлардағы ысырапшылдық пен даңғойлықты тыю үшін жаднама жасау керек дегенді айтты.

Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Ал жастар қозғалысының жетекшісі шет елдегі жастарды ұйыстыратын бірлестік құруды ұсынды. Ол қазір сыртта білім қуып, еңбек етіп жүрген 72 мың жас азамат жүр деген есеп келтірді.

Олжас Сүлеймен, «Team Qazaqstan» жобасының жетекшісі:

Заңгер Айгүл Орынбек болса, жұрттан жылу жинайтын әр түрлі қоғамдық қорлардың жұмысын реттеуді қолға алу керек дейді.

Айгүл Орынбек, заңгер:

Президент былтырдан бері мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынғанын, енді оған жалпыұлттық ауқым беру қажеттігін атап өткен еді. Ал құрылтай мүшелері бұл жобаны «Адал азамат» деп қайта атауды ұсынды.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:

Құрылтайдың былтырғы отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін 23 ақпан «ұлттық кітап күні» деп белгіленген еді. Құрылтайлықтар мұнымен шектеліп қалмай, енді кітап индустриясына қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылдауды ұсынып отыр.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мемлекет басшысы ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны барлық нейрожүйе жасаушылары еркін пайдалана алуы керек деді. Себебі әзірге интернет кеңістігінде Қазақстан туралы әсіресе ағылшын тілінде ақпарат көп емес.

Рауан Кенжеханұлы, Қазақ тілі қоғамының президенті:

Шымкенттен келген делегат шетелдік туристер қызығатын жерлерде ұлттық келбетімізді айшықтайтын орындар ашылуы қажеттігін алға тартты.

Данияр Қайыртай, тілші:

Президент тәуелсіздігіміздің 40 жылдығы жақындап қалғанын да айтты. Сол маңызды белеске дейін басым бағыттарды айқындап алуға үндеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның, әсіресе, төрт салада дамуға әлеуеті зор екенін атап өтті. Ол цифрландыру ісі мен ЖИ, көлік тасымалы, энергетика, агоөнеркәсіп кешені және адам капиталы. Құрылтай осындай ұлттық идеяларды талқыға шығаруымен де құнды.

Данияр Қайыртай