Тоқаев: жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті

Жаршы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатқан алаяқтық әрекеттер туралы пікір білдірді . Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтай мүшелерінің алаңдаушылық білдіріп отырған мәселелеріне тоқталды.

"Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекет жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр.

Бұдан бөлек қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен "коучтар" көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс", — деді президент.