Әлем чемпионаты: Виктория Графеева жарысты жалғастырады

Жаршы

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева (60 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Ширек финалда оның өзбекстандық Ситора Турдибековамен жолы түйісті. Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Нәтижесінде әлем чемпионатының жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан мұндай мүмкіндікке Алуа Балқыбекова (50 келі) ие болды. Ширек финалда түркиялық Айсен Ташкинді сүріндірген ол енді Солтүстік Корея спортшысы Кум Анмен шеберлік байқасады.

Ал Жайна Шекербекова (54 келі) 1/4 финалда жарыс қожайыны Сара Сирковичке жол беріп, жарысты ерте аяқтады.

Енді ел құрамасынан Назым Қызайбай (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) сынға түседі.

Дүбірлі додаға 12 спортшы алып барған Қазақстан құрамасының 10 спортшысы жарыстың аталған сатысына дейін жетті.