Атыраудағы Ұлттық құрылтай нәтижесінде 10 заң жобасына бастамашылық жасалды

Жаршы

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысының нәтижесінде 10 заң

жобасына бастамашылық жасалып, 9 заң қабылданды, тағы 2 заң жобасы парламенттің қарауында. Олардың қатарында Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Құмар ойындар, лотереялардың қызметін реттеу сынды қоғамның дертіне айналған күрделі мәселелерді шешуге бағытталған заң жобалары бар. Бұл туралы Бурабайдың баурайында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың секция отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев айтты. Сонымен қатар Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз құмар ойындар мен лудоманиямен күресудің кешенді жоспары қабылданған. Осылайша Ұлттық құрылтай жұмысы аясында қоғамдағы кеселдерге қарсы күрес жанданып отыр.

Риззат Тасым, Ұлттық құрылтай мүшесі:

"Алдын ала Ұлттық құрылтай мүшелерімен азаматтық қоғам секциясында бірқатар ұсыныстар айтылған, 45-ке жуық ұсыныс. Соның бәрі азаматтық қоғам, әлеуметтік қоғамдық келісім мәселеріне қатысты. Соның 38 ұсынысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның жартысына жуығы өкілетті мемлекеттік органдармен қабылданды".