2026 жылы Қазақстан азаматтары қалай демалатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Келер жылы 119 демалыс күні және 246 жұмыс күні бар.
2026 жылғы мерекелер мен демалыс күндері
- Жаңа жыл — 1-2 қаңтар. Демалыс — 1-4 қаңтар аралығы.
- Рождество — 7 қаңтар (сәрсенбі).
- Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз жексенбіге түседі, демалыс 9 наурызға ауысады.
- Наурыз мейрамы — 21-23 наурыз. Ең ұзақ демалыс: 21-25 наурыз аралығы.
- Қазақстан халқының бірлігі күні — 1 мамыр (жұма).
- Отан қорғаушылар күні — 7 мамыр (бейсенбі).
- Жеңіс күні — 9 мамыр сенбіге түседі, демалыс 11 мамырға ауысады.
- Құрбан айт — 27 мамыр (алдын ала белгіленген күн).
- Астана күні — 6 шілде (дүйсенбі).
- Конституция күні — 30 тамыз жексенбі, сондықтан демалыс 31 тамызға ауысады.
- Республика күні — 25 қазан, үш күндік демалыс.
- Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан (сәрсенбі).
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!