Табысын төмен көрсеткен қазақстандық блогерлер кірісін растап, салық төлей бастады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
"Бүгінде 50-ден астам блогер 2,5 млрд теңгеден астам кірісін көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандары бойынша әлі уақыт бар, 30 жұмыс күні берілді. Наурыз айының соңына дейін тексеру жүргізіп, ақпаратты ұсынамыз", — деп жауап берді Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына.
Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогерге кірісіне қатысты 53,3 млрд теңгеге сәйкессіздік туралы хабарлама жіберді.
Кейін Мемлекеттік кірістер комитеті кей блогерлерге жіберген табыс салығын төлеу туралы хабарламасын қайтарып алды.