Ташкентке мемлекеттік сапармен барған Тоқаевты әуежайда Мирзиеев қарсы алды (фото, видео)

Жаршы

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Шығыс" әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеген.

Өзбекстанның Құрмет қарауылы. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын президент Шавкат Мирзиеев қарсы алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда
Қазақстан президентінің борты
Қазақстан президентінің борты. Фото: Ақорда

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының 14-15 қараша күндері Ташкентке мемлекеттік сапармен баратынын жазған едік.

Сапар барысында екі ел басшылары тет-а-тет форматында келіссөз жүргізеді, сондай-ақ президенттердің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз