Смышляева: Сенаттың түзетулері жасанды интеллект туралы заңдардың мазмұнын өзгертпейді

Жаршы

Сенат жасанды интеллект туралы түзетулерге редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізді .

Мәжіліс Сенаттың «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерге енгізген түзетулерімен келісті.

Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, Сенат барлығы 16 түзету енгізген. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.

– Оның барлығы редакциялық және нақтылау сипатында. Бұл түзетулер құқық қолдану жүйесіне ешқандай әсер етпейтіндіктен, біз Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз, – деді Мәжіліс депутаты.