Елімізде ақылы жолмен жүру көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Жаршы

Жыл басынан елдегі автобандармен 54 миллионнан астам көлік жүрген. "ҚазАвтоЖол"компаниясының хабарлауынша, ең танымал бағыттар қатарында Алматы — Қонаев. Шымкент- Өзбекстан шекарасы, Шымкент — Тараз бағыты мен Тараз — Қайнар, Шымкент — Қызылорда жолдары тұр. Өткен жылы ақылы жолдардан қазынаға 48 млрд теңге түсті . Биыл бұл қаржы көлемі екі есеге ұлғайып, 100 миллиард теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Трассаларды күтіп ұстау, тазалау жұмыстары мен қызмет көрсетуге шамамен 60 млрд теңге бөлу қарастырылған.