Украина 30 күнге атысты тоқтата тұруға дайын: Сауд Арабиясындағы келіссөздерден кейін Украина мәлімдеме жасады

Жаршы

Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі өнімді болды. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді. Сонымен бірге Украина бүгінгі келіссөздер нәтижесінде 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысты қабыл алуға дайын екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Украина президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Аталған кездесуден күні бойы алған ақпараттар жағымды болды және президент де хабардар етілді. Бұл кездесуге оң баға беріліп отыр",ы- деп мәлімдеді Ливитт.

Ақ үй баспасөз хатшысының айтуынша, мемлекеттік хатшы Рубио және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолтц жақын арада Сауд Арабиясындағы кездесу туралы толық есеп бермек.

Бұдан бөлек бүгін Украина президентінің сайтында келіссөздер нәтижесінде АҚШ пен Украина онда бейбітшілік орнату жолындағы маңызды қадамдарды қолға алғаны жазылған.

Украина делегациясы украин халқының атынан президент Трампқа және АҚШ халқына бейбітшілікке қол жеткізу үшін айтарлықтай мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқан.

"Украина АҚШ-тың шұғыл түрде 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдауға дайын екенін білдірді, бұл ұсыныс екі тараптың өзара келісімімен ұзаруы мүмкін және Ресей Федерациясы тарапының да ұсынысты қабылдауы қажет. АҚШ Ресейге ресейлік тараптың да келісімі бейбітшілікке қол жеткізудің кілті екенін хабарлайды.

АҚШ тез арада барлау деректерін алмасуды тоқтату туралы шешімнің күшін жойып, Украинаға қауіпсіздік саласында көмек көрсетуде жалғастырады", — делінген бірлескен мәлімдемеде.

Одан бөлек екі ел делегациясы бейбітшілік процесі аясындағы гуманитарлық көмек көрсетуді күшейтудің, әсіресе жоғарыда атап өткен атысты тоқтату кезеңіндегі маңызын, оның ішінде әскери тұтқындармен алмасу, ұсталған азаматтарды босату және мәжбүрлі түрде көшірілген украиналық балаларды қайтару мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге екі ел тарабы Украина қауіпсіздігіне ұзақ вуақыт кепіл бола алатын бейбітшілік орнату жөніндегі келіссөздерді тез арада бастауға келіскен. АҚШ делегациясы бұл нақты ұсыныстарды Ресей тарабымен талқылау міндетін өз мойнына алды. Украина делегациясы еуропалық серіктестер бейбітшілік оррнату процесіне атсалысуы қажет екенін растады.