Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты, яғни лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр.
"Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген. Бұған дейін жүргізілген тексеріс барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған", — деп жазылған хабарламада.
Ұсталған адам Грузия аумағында қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!