Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, тақырыпты талқылауға бір жыл уақыт берді. Реформаны азаматтық сектор, сарапшылар һәм қазіргі Парламент жан-жақты талқылауы қажет .
Тіпті Президент 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу туралы да ой айтты. Содан соң ғана Конституцияға тиісті өзгеріс енгізіледі. Ал бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешім қабылсанса, депутттар құрмаы тек қана партиялық тізім бойынша сайлануы мүмкін.
Оған дейін Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса береді. Ал Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді.