Қазақстандық Махмуд Сабырхан бокстан әлем чемпионатында қарсыласын ойсырата жеңді

Жаршы

Қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалында мексикалық Брайан Оуэн Ортисті жеңді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалында Махмуд Сабырхан мексикалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы Украина мен Косово боксшылары арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Төрехан Сабырхан да әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжир боксшысы Юсеф Ислам Яишті жеңді.

Ал Виктория Графеева чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, косоволық Донета Садиканы ұтты.

Сондай-ақ, Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Филиппин боксшысы Джунмилардо Огайрені жеңді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget