17 жастағы қазақстандық теннисші алғаш рет “Үлкен дулыға” турнирінің ширек финалына өтті

Жаршы

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы, финляндиялық, 18 жастағы Оскари Палданиустан айласын асырды. Полданиус ересектер арасында ATP рейтингісінде 991-сатыда тұр.

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:3 есебімен басым түсті. Бұдан кейін камбэк жасай білген Заңғар қарсыласын тұқыртып тастады – 6:1, 6:2.

Осылайша, тағы бір сенсация жасап, ширек финалға өткен Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско.

Заңғарды айтулы табысымен Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов құттықтады.