Мұздатқышта сақтауға болмайтын 5 тағам аталды

Жаршы

Кейбір тағамдар мұздатылған соң пайдалы қасиеттерін ғана емес, құрылымы мен дәмін де жоғалтады. Оларды кейін тамақ пісіруге қолдану мүмкін болмайды . Сондықтан оларды мұздатқышқа салмаған жөн, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Майлы және қуырылған тағамдар

Фритюрда қуырылған картоп, темпура немесе ұнтақталған қоспаға батырылған тағамдар, қуырып дайындалған тауық стрипстері — мұның бәрі кейін соң түсініксіз дымқыл ботқаға айналады.

Піскен жұмыртқалар

Жұмыртқаларды алдын ала пісіріп мұздатпаған жөн. Ақуыздар резеңке сияқты болып кетеді. Шикі жұмыртқаны да мұздатуға болмайды: ішіндегі сұйықтық кеңейіп, қабық жарылады, қауіпті бактериялар кіруі мүмкін.

Жұмыртқаның саруызын жеке мұздатуға болады, бірақ оны тұз не қантпен араластыру керек.

Суы көп көкөністер

Қияр, салат жапырағы және басқа да суы мол көкөністер мұздатылғаннан кейін формасын жоғалтып, ботқаға айналады. Тек сорпа, смузи немесе соусқа қосатын болсаңыз ғана мұздатуға болады. Қыста қияр жеудің ең жақсы жолы — оларды тұздап немесе маринадтап алу.

Йогурт және кілегей

Мұздатылған йогурт еріген соң су болып бөлініп кетеді, дәмі мен құрылымы өзгереді. Кілегей де өзінің кремді құрылымын жоғалтады. Екеуін де тоңазытқышта сақтаған дұрыс.

Жұмсақ ірімшіктер

Бри, фета, крем-ірімшік сияқты жұмсақ ірімшіктер мұздатылғаннан кейін су болып кетеді және пішінін жоғалтады. Оларды тек соус немесе пісірме тағамға қосатын болсаңыз ғана мұздатуға болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget