Шведтік экобелсенді Грета Тунберг бір топ адамды жинап , Барселонадан желкенді кемемен Газа секторына аттанды.
Оған 4-қыркүйекте Жер Орта теңізінің өзге порттарынан тағы ондаған су көлігі қосылуға тиіс. Олар Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізбек. Сапар қыркүйектің ортасына дейін созылуы мүмкін. Еске салайық, 2 ай бұрын Израиль Грета Тунберг флотилиясын тоқтатып, шведтік экобелсендінің жанындағы 12 адамды да ұстады. Сол кезде Тель-Авив олардың бұл әрекетін ХАМАС-қа қолдау білдіру деп, елден депортациялаған болатын.