Қостанай облысында 101 елдімекенді су басуы мүкін

Жаршы

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қостанай облысында 101 елдімекенді су басуы мүмкін. Қауіптің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылданып жатыр. Қарасу ауданына Семей қаласынан әскери қызметкерлер көмекке келді. Әскерилер қапқа құм толтырып, қорғаныс бөгет жасап жатыр. Ал Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелді аудандарына жағдайды бақылап, дер кезінде көмек беру үшін құтқарушылар мен арнайы техника жіберілді.

Өміржан Тұқышев Қостанай облысының ТЖД бастығының орынбасары:

Торғай өңіріндегі жағдай жеке бақылауда. 7 наурыз күні Қостанаай қаласынан ТЖД-нен 28 бірлік техника, 77 жеке құрам адамнан тұратын үш топ құрылып, жолданды.Қазіргі таңда осы топтар су өткізу құрылыстарын, арналарды, әлеуметтік осал топтардың аулаларын қар мен мұздан итазартуға көмектеседі.

Мәдина Нағашыбай