Құндызды өзенінде мұз бұзу жұмысы жүргізілді

Жаршы

Аталған өзен – Қостанай облысына қарасты Қарасу ауданының Новоселовка ауылы маңында оррналасқан, деп хабарлайды Egemen .kz.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде жүргізілетін өзендердегі жарылыс жұмыстарының негізгі мақсаты – су деңгейінің көтерілуіне және елді мекендерді су басуына әкелуі мүмкін мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау.

ТЖМ мәліметінше еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін 4 мың текше метр мұз бұзылды. Жарылыс жұмыстарын жүргізу төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендете отырып, су бұру арнасының өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді.

Барлық жұмыстар мамандардың бақылауымен қауіпсіздік шараларына қатаң сәйкестікте орындалған.