Павлодар облысындағы Теміржол ауылдық округіне қарасты бұл жер кезінде қуаң дала болған. Ал бүгінде еліміздің көкөніс қорын толықтырып отырған ірі өндірістік базаға айналды. Судың әр тамшысын есеппен пайдаланатын бұл шаруашылық – ауылдағы иновациялық өндірістің дәлелі. Ендеше әр асқа қосатын картоп пен сәбіз өсірудің заманауи әдістерімен бірге танысыңыздар.