Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.
Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.