Еліміздің бірнеше өңірінде қалың қар жауады

Жаршы

Бүгін елдің солтүстігінде құбылмалы күн райы сақталады. Қар жауады, боран соғады, кей жерлерде көктайғақ болады.

«Ал батыста және оңтүстікте күн жылынады»,- дейді «Қазгидромет» мамандары. Астанада бірнеше күннен бері боран соқты. Бүгін де қар жауып тұр. «Тіпті көктем ерте келетін Алматыда да үш күн қатарынан қар жауады», - деп болжайды мамандар. Елдің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. «Көкек келмей, көктем жоқ», - деп бабаларымыз бекер айтпаған. Абай болыңыздар.