0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Канаданың басқарушы Либералдық партиясының жаңа лидерінің есімі белгілі болды. Ол – Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни. Оған сайлаушылардың 85,9 пайызы дауыс берген. Карни отставкаға кететінін мәлімдеген қазіргі үкімет басшысы Джастин Трюдоны алмастырады. Яғни Канаданың кезекті премьер-министрі болады. Жеңіске жеткеннен кейінгі сөйлеген сөзінде Марк Карни Трампты Канаданы басып алу ниеті үшін айыптады. Сонымен бірге «Америка Канада емес. Канада ешқашан Американың бір бөлігі болмайды» деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы