ABAY CUP 2025 турнирі басталды

Жаршы

Семейде футболдан алғаш рет халықаралық ABAY CUP 2025 турнирі өтіп жатыр .

Байрақты бәсеке ұлы Абайдың 180 жылдығына арналды. Оған төрт елдің командалары шақырту алды.

Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан 8 команда келді. Жас футболшылар додадан бөлек, қызықты экскурсиялар тамашалады. Осылайша жас ұрпақ ел тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары жайлы көп мағлұмат алады, дейді ұйымдастырушылар.

Асқар Ұранхаев, «Елімай» ФК директорлар кеңесінің мүшесі:

- Біз оларға өте ауқымды мәдени бағдарлама дайындадық. Барлық көрнекі жерлер мен Абай музейін көрсетеміз. Финалдан кейін Ертіс өзенінде кемен саяхатқа шығамыз. Ертең олар «Елімай» мен «Жетісу» командалары арасындағы премьер-лига ойынын тамашалайды. Яғни, өте мазмұнды, пайдалы мәдени бағдарлама күтіп тұр.

Жергілікті команда үшін бұл турнир үлкен сынақ бола қойған жоқ. Себебі футболшылар аптасына 4-5 рет жаттығады. Дегенмен жаттықтырушылар үшін өзге елдерден келген құрдастарымен тәжірибе алмасу маңызды

Ефим Германович, «Елімай» ФК даму бағдарламасының жетекшісі:

- Осы турнирге арнайы дайындық болған жоқ. Бізде тұрақты ойын кестесі бар. Мұнда 2014 жылы туған балалар ойнайды. Аптасына 4 жаттығып, бір бақылау ойынын өткіземі

Дмитрий Огай, жаттықтырушы:

- Елдің әр аймағында осындай балалар турнирі өтіп тұрса деймін. Тек жергілікті балалар емес, Ресейден, яғни Барнаул мен Абаканнан келіп жатыр. Өзбекстан мен Қырғызстаннан да бар. Бұл басқа елдің тәжірибесін көруге мүмкіндік береді.

Ал жас ойыншылар үшін бұл турнир өздерін көрсетуге мүмкіндік және үлкен арманға бастар алғашқы қам.

Роман Вартумян, «Спартак Юниор» ФК ойыншысы:

- Бүгін алғашқы ойында жеңіліп қалдық, бірақ мұңға батқанымыз жоқ. Біз бар күшімізді салдық, жеңуге тырыстық. Көңіл-күйіміз керет.

Диас Өбінияз, «Жеңіс» ФК ойыншысы:

- 5-6 жасымнан бастап футболмен айналысамын. Күн сайын футбол орталығында жаттығамын. Мен кәсіби футболшы болып, тарихи жетістіктерді бағындырғым келеді.

Турнир соңында әр команда түрлі номинация бойынша марапатталады. Қатысушыларға кубок пен естелік сыйлықтар беріледі.