Доллар бағамы тарихи межеден асты

Жаршы

Валюта нарығынан бірер ақпарат.

Доллар бағамы тарихи межеден асты. Ұлттық банк ертеңге, яғни 18 шілдеге шетелдік валютаны 532,74 теңге деп бекітті. Ал KASE биржасындағы бүгінгі кешкі сауда қорытындысы бойынша доллар 533,7 теңгеге дейін жеткен. Ұлттық валюта бір тәуліктің ішінде 6 теңгеге әлсіреген. Теңгенің құнсыздануы маусым айында басталған. Кейін валюта бағамы біраз уақыт тұрақтағанымен 12 шілдеден бастап тағы да күрт арзандай түсті. Бұл жағдайды Ұлттық банк маусымдық факторлармен байланыстырып отыр. Яғни демалыс маусымында шетел валютасына сұраныс артады, сондай-ақ инвестициялық жобаларға қажетті тауарларды сатып алу да әсер етеді. Айта кету керек, доллардан бөлек еуро мен рубль бағамы да рекордты деңгейге жетті. Қазір еуро – 617,23 теңге болса, рубль – 6 теңге 77 тиын.