Қазақстандық атлет Азия рекордын жаңарты

Жаршы

Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия біріншілігінде чемпион атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оған тең келер ешкім болмады.

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 376 (163+213) келі көтеріп, жарыста топ жарды. Сондай-ақ, серпе көтеру сайысында Азия рекордын жаңартты.

Екінші орында өзбекстандық Руслан Рахматжонов тұр: 345 (155+190) келі. Үшінші орынды Бахрейн өкілі Джон Мурилло иеленді: 334 (154+180) келі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget