Астананың 47 жастағы тұрғыны полицияға арыз түсіріп, танысын өзін зорлады деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті — Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері, полковник. «Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады «Ордаға» елордалық ПД.
Бұған дейін Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында қызды зорлаған полицей 10 жылға сотталған болатын.