Қазақстандық әйелдер бітімгерлік қызметте жүр

Жаршы

Қазақстандық бітімгерлердің Сирияда жүргеніне 1 жылдай уақыт болды.

Онда жауынгерлеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбіт миссиясын орындап, Голан жоталарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Таяу Шығыста қазақстандық 139 әскери қызметші болса, соның 4-еуі әйел. Олар қандай қызмет атқарады?

Голан жоталарында жүрген қазақстандық 4 әйелдің бірі Сәния Қалымқызы. Санитар-атқыш болып қызмет етеді. 2 баланың анасы. Қарулы Күштерге 6 жылын арнаған. Қазір мыңдаған шақырымды артқа тастап,Таяу Шығыста бітімгерлік қызметте жүр.

Сәния Қалымқызы, санитар-атқыш:

- Менің басты міндетім басқа жауынгерлермен миссияның жауапты аймғында патрульге шығу, взвод кезегі келгенде жедел топ құрамында қызметке шығамыз. Сол менің басты міндетім бірінші медициналық қызмет көрсету.

Cоңғы жылдары әлемде бітімгерлік қызметке алынған әйелдер саны артып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы арулар көп болса жаһандағы бейбітшілікті сақтау соғұрлым тиімді деп санайды. Себебі ер мен әйелдің ойлау жүйесі мен оқиғаны көруінде айырмашылық бар. Мысалы нәзік жандылар қорлық-зорлық көрген әйелдермен, балалармен тез тіл табыса алады.

Сәния Қалымқызы, санитар-атқыш:

- Бітімгер болу әйел адамға қиын емес. Ең бастысы бітімгершілікте жүргенде үйретілді. Біз гендерлік теңдікті өттік. Әйел адам мен еркек адамда айырмашылық болмайды. Еркек адам істеп жүрген жұмысты біз де атқарамыз. Соның бәрін үйреніп келгеннен кейін еш қиыншылық болған жоқ. Өйткені біз бәрін 1 жылда өттік. Сол ешқандай қиыншылық жоқ.

Ал Әйгерім Сесерхан Голан жоталарында жүрген қазақстандық бітімгерлердің денсаулығына жауапты. Өте тәжірибелі маман. Осыған дейін Арыс пен Ливандағы жарылыстарда жаралыларға көмектесіп, қол ұшын созған.

Әйгерім Сесерхан, дәрігер:

- Қазір көп жүріп жатқан ол тұмау. Тұмау бойынша, қан қысымы бойынша, физода жүгіріп жүркен кезде жарақат алып қалуы мүмкін. Сол кезде таңу жұмыстарын жүргіземіз. Ата-анаммен, туысқандарыммен күнделікті байланыстамын. Хабарласып тұрамыз. Елге, жерге деген сағыныш бар.

Қазір Голан жоталарында жүрген 139 қазақстандық бітімгердің 4-уі әйел. Арасында дәрігерлерден бөлек аспаз бен құжат рәсімдеуші бар. Олар БҰҰ аясындағы 1 жылдық келісім-шартын аяқтап, елге оралуға дайындалып жатыр.

Мерей Қанапия