Жоба «Алкон+» компаниясымен бірлесе жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар оқу орнында көлік жөндеу саласы үшін білікті кадрлар даярлау тақырыбына арналған форсайт сессия өтті.
Компания WorldSkills байқауы аясында жасалған меморандум бойынша колледж базасына пластик өндіретін жабдықтар орнатып берді. Бұл бастама қос тарап үшін де тиімді. Бірі маман даярлау ісін жетілдірсе, енді бірі сол дайын кадрларға қол жеткізе алады.
Халел Санжар, студент:
- Біздің колледж қазіргі заманның ең жаңа технологияларымен қамтамасыз етеді. Барлық құрал-жабдықтар бар. Барлық стендтар тұр Солармен үйреніп, мен өзім жекеменшікте жұмыс істеп, автокөліктерді жөндеп жүрмін.
Бейсен Жолболдиев, «Алкон+» ЖШС директоры:
- Мақсатымыз – студенттерді нарыққа шыққан кезде максималды даярлап шығару. Ең басты құндылық осы бізде. Тек қана бізден емес, басқа қаладан да тапсырыс алып, терезелер, есіктер жасап, пайда табуға болады.
Колледж базасында цехтан бөлек, жұмысшы мамандықтарының мұражайы ашылды. Онда 100-ге жуық экспонат қойылған. Соның ішінде ауылшаруашылық және өндіріс құралдары, қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық жабдықтар бар.
Римма Иманғазинова, кәсіптік-техникалық колледждің директоры:
- Ақпараттық-технология, жасанды интеллект дамыған кезеңде жұмысшы мамандықтары жайлы ұмытпауымыз керек. Бұл мұражай ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етеді деп ойлаймын. Мұндағы экспонаттарды студенттер, ата-аналар мен оқытушылар жинақтады.
Ал форсайт-сессияда автокөлік жөндеу саласының мамандарын даярлауға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер пысықталды. Оған «Алкон+» және «Allur Auto Astana» компаниялары, «Qauipsizdik kepili» қауымдастығы, білім басқармасы мен колледж мамандары қатысып, өзара пікір алмасты.
Авторы: Еркебұлан Смадияров