Израиль Ирандағы ядролық реактор маңын бомбалады

Жаршы

Израиль Иранның Арак қаласындағы ядролық реактор маңын бомбалады.

Бұл туралы «Мехр» ақпарат агенттігі хабарлаған. Мәлімет бойынша соққы салдарынан радиация таралған жоқ. Аталған нысан Израиль билігі үшін маңызды. Өйткені ол жердегі реактор ядролық қару жасау үшін қажетті плутоний өндіруге қабілетті.

Иран билігі бұған дейін реактордың құрылысы жақын арада аяқталады және келесі жылы пайдалануға беріледі деп мәлімдеген болатын.