Алматыда тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 17 маусымда Бостандық ауданы Серкебаев даңғылындағы пәтерде болған.
"Оқиға орнына МӨСБ-1, ӨСБ-15 және ӨСБ-17 өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. Жеткен кезде төрт қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтер жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы 20 шаршы метр болды", – деп жазылған хабарламада.
Аумақты қара түтін басқан.
"Жанып жатқан пәтердің терезесінен әйел көмек сұрап айғайлады, есікке апарар жолды жалын шарпыған. Құтқарушылар терезе торын кесіп, Түркіменстанның 26 жастағы азаматын эвакуациялады", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, жоғарғы қабаттардағы пәтерлерден тағы төрт адам эвакуацияланды: 1945 жылы туған әйел, 1962 жылы туған әйел, 2008 жылы туған ұл бала және 1982 жылы туған әйел.
"Өрт сағат 15:17-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазылған мәліметте.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!