Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинаған алматылық Айша Сатыбалдыға өзі оқыған мектептің әкімшілігі пәтер сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім бәйгесінде оза шауып, жоғары көрсеткішке қол жеткізген Айша Сатыбалды дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілін таңдаған. Ол 10-сыныптан бастап 135 High School мектебінде дайындалған.
Мектеп әкімшілігі оқушының осы үздік нәтижесі үшін Алматы қаласынан пәтер сыйлады. Талапкер атап өткендей, ҰБТ сұрақтар аса қиындық туғызбаған. Екі жылғы дайындық өз нәтижесін берді.
Биыл елімізде ҰБТ-да ең жоғары нәтиже көрсеткен екі оқушы тіркеліп отыр. Айша Сатыбалдының бұл жетістігі қатарластарын жігерлендіргені анық. Айшаның айтуынша, білім биігіне талпыныс нәтижесіз болмайды әрі әділ бағасын алады.
Алматы