Алматылық Перизет Ысқақ ұлының күтпеген сұрағынан кейін қоғамдағы гендерлік көзқарастар туралы терең ойға қалғанын айтады , деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, 8 жастағы баласы бір күні оған гей болғысы келетінін ашық айтқан.
“Балам бұл туралы менімен еш қысылмай бөлісті. Мен эмоциямды жасыруға тырыстым. Өйткені ашулансам, келесіде ол маған ішкі сырын айтпай қояды деп қорықтым”, – дейді анасы.
Перизет ұлынан: «Неліктен гей болғың келеді?» деп сұрағанда, бала: “Қызбен жүрсем, оған міндетті түрде бриллиант пен қымбат сыйлықтар сыйлауым керек. Ал жігітпен жүрсем, ол өзіне керегін өзі-ақ алады” – деп жауап берген.
Осы жағдайдан кейін Перизет Ысқақ баланы кішкентайынан гендерлік рөлдер мен міндеттерге бейімдеудің зиянды салдары туралы ойлана бастағанын айтты.
“Ұлсың ба, қызсың ба — міндетің мынау деп шектеу қойсақ, балалар өмірді басқаша қабылдайды. Қоғамдағы таптаурын түсініктер олардың еркін дамуына кедергі келтіруі мүмкін”, – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Перизат Исхақ (@iskhak_perizat)